🔰СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ТУРАЛЫ

2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің “С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

#сыбайласжемқорлыққақарсыкүрес

«С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ Қазақстан Республиксы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес бос орындарға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысатын педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Қазіргі уақытта «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесіндегі уақытша ақауларға байланысты құжаттарды қабылдау қағаз түрінде 03.09.2025-11.09.2025жыл аралығында жүргізіледі.
«С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ Қазақстан Республиксы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес бос орындарға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысатын педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Қазіргі уақытта «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесіндегі уақытша ақауларға байланысты құжаттарды қабылдау қағаз түрінде 25.08.2025-02.09.2025жыл аралығында жүргізіледі.
«С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ Қазақстан Республиксы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес бос орындарға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысатын педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Қазіргі уақытта «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесіндегі уақытша ақауларға байланысты құжаттарды қабылдау қағаз түрінде 13.08.2025-21.08.2025жыл аралығында жүргізіледі.
“С.Жаңғабылов мектебінде Тілдер мерекесіне арналған “Тұғыры биік туған тіл” атты шара өтті. Шара барысында мектеп кітапханашысы Мағдат А. көркем әдебиеттермен таныстырып, шығарма авторлары туралы мәліметтер айтты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мырзабай Г. тіл туралы мәліметтер айтып, мақал-мәтел жалғастырудан жарыс ұйымдастырды. Ұқсас сөздердің орысша аудармасы бойынша да шағын шығармашылық жарыс өткізді.
Мектеп білім алушылары да тіл туралы өлеңдер оқып, мерекелік шараның аясын кеңейте түсті.
“Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан” атты ата-аналарға және мектеп қызметкерлеріне дәріс оқылды. Барлық сыныптарда “Жемқорлыққа жол жоқ”, “Жемқорлықсыз болашақ” тақырыбында адалдық сағаттары өтті.
5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау аясында 9 қыркүйек “Тоғызқұмалақ” күніне орай “С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп”КММ-де тоғызқұмалақ ойыны бойынша кездесу өтті. Қатысушылар екі командаға бөлініп , 36 білім алушы сайысқа түсті. Жетекшілік етуші Абзал Нұрберік қатысушыларға ойын шартын, жүру кезеңдерін, тасты қалай шиыру түрлері бойынша бағыт-бағдар беріп отырды. Жарысқа түскен білім алушылар тоғызқұмалақ ойыны бойынша өз қабілеттерін шыңдай түсті.
“С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 5-қыркүйек Тілдер мерекесі күніне орай жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасы өтті. Шараның мақсаты -Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қоғамдағы орнын нығайту.
Мектептің 10,11-сыныптың 58 білім алушылары мен 30 мұғалім қатысып, ұйымшылдықпен атсалысты.
“С.Жаңғабылов атындағы ЖББМ” КММ-де 2024-2025 оқу жылын 1-сынып 45 оқушымен бастады. Мектепке алғаш қадам басып отырған 1-сынып оқушыларының құқықтық санасын арттыру үшін әзірленген «Балалар бояулары» атты жұмыста бағдаршам, жол өткелі, велосипед, машина т. б кескіндік суреттерді өз деңгейіне сай әдемі етіп безендірді. Қауіпсіздік қағидаларына сай оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізілді. Балалардың ойын, есте сақтауын байқау мақсатында сұрақтар қойылып, жауап алынды.
1- сыныптардың арасында ұйымдастырылған ҚР ІІ Министрлігінің Махан Есболатов атындағы Алматы академиясымен қауіпсіздік қағидалары негізінде әзірленген балалар бояулары жұмысы өз мәресіне жетті.
1 Қыркүйек білім күніне арналған “Мектебім-мейірім мекені” атты салтанатты шарасы “С.Жаңғабылов атындағы ЖББМ” КММ-де аталып өтті. Шараға енді мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып пен биылғы оқу жылының түлектері 11-сынып білім алушылары қатыстырылды. Осы шараға арнайы шақырылған ауылдық ақсақалдар төрағасы Айтанов Л. мен ардагер ұстаз Қалмырзаева Жанат апай болды. Алғаш құттықтау сөз мектеп директоры А.Аманжолова беріліп, өткен оқу жылындағы жетістіктер мен атқарылған істерге қорытынды жасады.Шақырылған қонақтар да білім алушыларға мол жетістікте болуды, білім жолында талмай еңбектенуге шақырды.
2024-2025 оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімін 1-сынып білім алушылары Қуанбекқызы Айпара пен Әдебиет Иманәлі соғып, 11-сынып білім алушылары кішкентай бүлдіршіндерге жырдан жүрек жарды тілектерін арнады.Қолдарынан жетектеп , болашаққа нық сенімде болуға бағыттап, қошемет шеруін жасады. Күміс қоңырау үнімен жалғасқан салтанатты шара , 1-сынып білім алушыларының өз ұстаздарымен алғашқы сабақ барысын өткізуімен қорытындыланды.
Маңғыстау облысының білім басқармасы