Аманжолова Ақгүл Төреханқызы
1976 жылдың 1-қарашасында Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Тұщықұдық ауылындағы Сәттіғұл Жаңғабылов атындағы орта мектепті бітірген соң, Ақтау қаласындағы Қазақ политехникалық институтының Маңғыстау филиалына түсіп, 1998 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2012 жылы Шымкент университетін «Физика» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1998 жылы С. Жаңғабылов атындағы орта мектепте бастады.
Бірінші санатты физика пәні мұғалімі. 2012 жылы мектеп директорының бейін жөніндегі орынбасары, 2013-2024 жылдары аралығы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2024 жылдан бастап мектеп директорының міндетін атқарушы

